Қауіпсіз әуе сапарының ең маңызды ережесі - егер сіздің кішкентай балаңызда тұмау болса немесе мұрын бітеліп тұрса, ұшудан бас тартыңыз
Нәресте тұмауратқан кезде евстахий түтігінің аузы бітеледі, құлақтың бітелуі тез өткір ауруға айналады: тамырлар жарылуы мүмкін, дабыл жарғағы жарылуы мүмкін, және мұндай барожарақаттың нәтижесі – балада ортаңғы отит туындайды!
Егер сізде таңдау болса, түнгі рейске билет сатып алыңыз – сол кезде нәрестенің бүкіл рейс бойы тыныш ұйықтауы ықтимал.
Ұшу және қону кезінде нәрестеге су ішуге немесе емізікті соруға мүмкіндік беріңіз, ал 2 жастан асқан балаға мұз кәмпит ұсыныңыз. Кәмпитті сору әрекеті кезіндегі қимылдар барометрлік қысымның айырмашылығын теңестіруге көмектеседі! Әсіресе сору әрекеті кезінде құлақты сұқ саусақпен жауып, құлақты бірнеше рет алға-артқа жылжыту тиімді.
Танауларды жауып мұрын арқылы дем шығару: балаңыз саусақтармен екі танауды қысып ауаны мұрын арқылы шығаруға тырыссын.
Әрине, ол мұны жасай алмайды, бірақ мақсат басқада - естахий түтіктерінің аузын ашу үшін мұрынжұтқыншақ қуысындағы қысымды күрт жоғарылату және осылайша евстахий түтіктерін үрлеу, дабыл жарғағының екі жағындағы қысым тепе-теңдігін қалпына келтіру.
Екі таза пластикалық стакан мен жылы дымқыл майлықтарды алу қажет. Майлықтар стакандардың шетіне қойылады, ал стақандар баланың құлағына бекітіледі. Осылайша сіз вакуум жасайсыз, және сіздің балаңызға қысымның кез келген ауытқуы еш қиындық тудырмайды!
Егер сіздің нәрестеңізде мұрынның бітелуі болса, соған қарамастан ұшу қажет болып тұрса, алдын-ала (жоспарланған ұшудан бір апта бұрын) кеңес пен ем алу үшін құлақ-мұрын-тамақ дәрігеріне қаралыңыз.
Балаңызға ойын ойнауды ұсыныңыз: ол шынымен ұйықтағысы келетінін елестетіп және ауызын ашып бірнеше рет тәтті түрде есінеу керек.
Балаңыздан аузын жауып және мұрнын қысқан кезде қандай да бір ән айтуын сұраңыз. Содан кейін ауызын ашып тура солай жасасын.
Осы қарапайым ережелерді орындай отырып, сіз балаңызды баротравмадан сақтайсыз!
Ұшақпен еш қиындықсыз ұшыңыз!