Гайморит — синуситтің бір түрі болып табылатын жоғарғы жақүсті (гаймор) қуысының қабыну ауруы3. Синупрет® тұтқыр шырыштың түзілуімен жүретін жедел және созылмалы синуситтер (этмоидит, фронтит, гайморит) кезінде қолданылады2.
Ішке қабылдауға арналған Синупрет® шәрбаты 2 жастан асқан балаларға арналған3.
Кешенді әрекетінің арқасында Синупрет® суық тиюдің алғашқы күнінен бастап синуситтің дамуын болдырмау үшін қолданылуы мүмкін. Синупрет® сонымен қатар әртүрлі жедел және созылмалы синусит түрлеріне (немесе риносинусит – мұрын маңы қуыстарының қабынуы бар тұмауды), атап айтқанда гайморитке, фронтитке, этмоидитке, сфеноидитке, сондай-ақ ұзаққа созылған тұмауға қарсы қолданылады. Препарат мұрын қуысын және қойнауларды қабыну бөліндісінен (эксудат) тазартуға көмектеседі және синуситтің әртүрлі асқынуларының дамуына жол бермейді4, 5.
Синупрет® бірегей патенттелген Фитониринг концепциясымен шығарылады. Синупрет® препаратының құрамында 5 дәрілік өсімдіктердің комбинациясы бар: нарқайсар және қымыздық шөптері, наурызгүл және аюбадам гүлдері, шерменгүл тамыры. Синупреттің құрамында ащылықтар, сапониндер, эмодин, қымыздық қышқылы, флавоноидтар, стеролдар, тритерпендер, биофенолдар, вербеналин, кверцетин, кемпферол, госсипетин сияқты биологиялық белсенді заттар бар6,7.
Ішке қабылдауға арналған Синупрет® тамшылары 18 жастан бастап қолдануға рұқсат етілген. Дегенмен, құрамындағы спирт жайлы уайымдауға себеп жоқ, оның мөлшері аз және 1 стакан айрандағы спирт мөлшерінің максималды тәуліктік мөлшерінен аспайды. 2 жастан асқан балалар үшін Синупрет® шәрбат түрінде қол жетімді8,9.
Тұтқыр шырыштың түзілуімен жүретін жедел және созылмалы синуситтерде2.
Синупрет® мұрынға тамызуға арналмаған. Бұл таблеткалар немесе тамшылар түрінде ішке қабылданатын дәрі. Ол синусит, ринит сияқты тыныс алу жолдарының қабыну ауруларын емдеу үшін қолданылады10.
Синупрет® препаратын дұрыс қолдану үшін қаптамадағы нұсқауларды немесе дәрігердің ұсыныстарын орындаңыз. Бұл препаратты қалай дұрыс қабылдау керек деген сұрақтарыңыз болса, дәрігерден немесе фармацевттен сұраңыз.
Бұл біріктірілген дәрі суықтан, тұмаудан немесе тыныс алу жолдарының басқа ауруларынан (мысалы, синусит, ринит) туындаған симптомдарды емдеу үшін қолданылады11.
Синупрет® фортеде 156 мг фитоқоспа, Синупрет® экстратта 720 мг фитоқоспадан 160 мг құрғақ сығынды алынды. Яғни Синупрет® экстрактының құрамында биофлавоноидтар мен басқа да белсенді компоненттердің едәуір жоғары концентрациясы бар, атап айтқанда Синупрет Фортеге-ге қарағанда 4 есе көп12.
Әдебиеттер тізімі
1 European Position Paper on Rhinosinusitis and Nasal Polyps 2020
2 Синупрет® экстракт дәрілік препаратын медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық (Қосымша парақ)
3 Синупрет® шәрбат дәрілік препаратын медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық (Қосымша парақ)
4 Ю.В.Митин, Л.Р. Криничко, О.А. Островская, Суық тиюдің заманауи фармакотерапиясы және олардың жиі кездесетін асқынулары. Украина Денсаулығы, No 8 (141), 2006 ж
5 Шахова Е.Г. Синупрет мұрын қосалқы қуыстарының қабыну ауруларының кешенді терапиясында. «Ресей оториноларингологиясы» No3(16) 2005 ж
6 Чжан С1, Скиннер Д, Хикс СБ, Бевенси М.О., Соршер Е.Дж. PLoS One. 2014;12;9(8).
7 Passali D1, Loglisci M, Passali GC, Cassano P. ORL J Otorhinolaryngol Relat Spec. 2015;77(1):27-32.
8 Балаларға арналған емдік өсімдік тектес препараттардағы этанол. Олаф Келбер, Фрауке Гоедке, Барбара Штайнхофф, Хилке Винтерхофф
Тиімділік және қауіпсіздік жөніндегі жұмыс тобының атынан, Бонн (Германия). Корреспондент авторы: Корнелия Швоппе, 53173, Германия, Бонн, ст. Плиттерсдорфер, 218.
9 Drug safety Qualified Department, Bionorica SE
10 Синупрет® тамшылар дәрілік препаратын медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық (Қосымша парақ)
11 С.М. Пухлик, А.П. Щелкунов, О.В. Титаренко, Д.В. Карпович Созылмалы аденоидитті «Синупрет» препаратымен емдеу (Маркетингтен кейінгі клиникалық зерттеудің нәтижелері). Ринология No3, 2011 ж
12 Bionorica SE Internal Data