Дәрілік препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық (Қосымша парақ)

Саудалық атауы
Cинупрет®

Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы
Қабықпен қапталған таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Жөтел және суық тию ауруларында қолданылатын препараттар. Жөтел және суық тию ауруларында қолданылатын басқа препараттар.
АТХ коды R05Х

___Қолданылуы ___
- тұтқыр секреттің түзілуімен қоса жүретін жедел және созылмалы риносинуситтерде (этмоидиттер, фронтиттер, гаймориттер).

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар

- дәрілік препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар адамдарға
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Асқазаны сезімтал пациенттерге немесе белгілі асқазан аурулары кезінде аса сақ болу қажет етіледі, Синупрет қабықпен қапталған таблеткаларды тамақтан кейін, бір стақан сумен ішіп қабылдаған дұрыс.
Егер сіз қанттың белгілі бір түрлеріне жақпаушылығынан зардап шегетіндігіңізді білсеңіз, препаратты қабылдағанға дейін дәрігермен кеңесіңіз.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Бактерияларға қарсы дәрілік заттармен біріктірілуі мүмкін және бұл орынды.
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі қазіргі кезге дейін белгісіз.
Арнайы ескертулер
Егер симптомдары 7 - 14 күннен астам созылып, нашарлап немесе мезгіл-мезгіл қайталанып жатса және/немесе пациентте ұзақ уақыт қызба, қатты ауыру немесе анық емес шағымдары болса, дәрігерге қаралу қажет.
Қант диабетімен ауыратын науқастарға арналған нұсқаулар
Қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында орташа есеппен 0,01 көмірсулар алмасу бірлігі бар.
Педиатрияда қолдану
Препаратты 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік кезеңінде Синупрет® препаратын қолдануды пайда және қауіп арақатынасын бағалаудан кейін дәрігер шешеді.
Лактация (емшек емізу) кезеңінде қолдану тәжірибесінің жоқ болуына байланысты, препаратты осы кезеңде қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлікті басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне ықпалын тигізбейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі

Ересектерге: күніне 3 рет 2 таблеткадан.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді қолдану үшін.
Таблетканы шайнамай, судың аздаған мөлшерімен ішіп қабылдау керек.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Синупрет® препаратын күніне 3 рет (таңертең, түсте және кешке) шайнамай, судың аздаған мөлшерімен ішіп қабылдау керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 7-14 күнді құрайды.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Артық дозалану жағдайында жағымсыз әсерлері қарқындырақ болуы мүмкін.
Уыттануды емдеу: улану немесе артық дозалану симптомдары туындаған кезде симптоматикалық ем қажет.
Егер сіз ұсынылған дозадан көп қабылдаған болсаңыз, дәрігерге хабарлаңыз. Сіздің дәрігеріңіз қажетті шараларды қабылдайды.

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар
Келесі жағымсыз әсерлер болуы мүмкін:
Жиі емес:
- асқазан-ішек бұзылыстары (іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, жүрек айнуы, диарея)
- аса жоғары сезімталдықтың жергілікті реакциясы (бөртпе, терінің қызаруы, қышыну),
Белгісіз:
- ауыр аллергиялық реакциялар (ентігу, ангионевроздық ісіну, беттің ісінуі).
Жағымсыз әсерлер пайда болған кезде (әсіресе аса жоғары сезімталдық реакциялары/аллергиялық реакциялар) препарат қабылдауды тоқтатқан және дәрігерге қаралған жөн.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы

Қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
шерменгүл тамыры 6 мг
тостағаншасы бар наурызгүл гүлі 18 мг
қымыздық шөбі 18 мг
аюбадам гүлі 18 мг
нарқайсар шөбі 18 мг
қосымша заттар:
таблетканың ядросы:
желатин, лактоза моногидраты, картоп крахмалы, кремнийдің коллоидты қостотығы, сорбитол, стеарин қышқылы, тазартылған су;
таблетка қабығының құрамы:
акрилат сополимері, кальций карбонаты, рафинадталған майсана майы, хлорофиллин қосылысы, декстрин, глюкоза шәрбаты, индигокармин (алюминий) (Е132), магнийдің жеңіл тотығы, жүгері крахмалы, монтанды гликоль балауызы, рибофлавин, шеллак, сахароза, тальк, титанның қостотығы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес және тегіс, жасыл түсті, қабықпен қапталған таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы
25 қабықпен қапталған таблеткадан алюминий фольгадан және ПВХ, ПВДХ үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер
Бионорика СЕ
Кершенштайнерштрассе 11-15
92318 Ноймаркт, Германия
Телефон: +49 / (0) 9181 / 231-90
Факс: +49 / (0) 9181 / 231-265
электронды пошта: info@bionorica.de
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Бионорика СЕ
Кершенштайнерштрассе 11-15
92318 Ноймаркт, Германия
Телефон: +49 / (0) 9181 / 231-90
Факс: +49 / (0) 9181 / 231-265
электронды пошта: info@bionorica.de

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Бионорика КАЗ» ЖШС
050060 Алматы қ., Жароков көш. 331, тел: 250-93-99
e-mail: info@bionorica.kz