Жай ғана симптомдарды жойып қоймай, мәселенің себебін жан-жақты және жүйелі түрде шешіңіз.
Көбінесе адамдар ағзаның тамшыларға тәуелді болу мүмкіндігі және жағдайдың кейіннен нашарлауы мүмкіндігі туралы ұмытып кетіп, тамыр тарылтқыш тамшыларды қолдануға тырысады. Асқынған ауруға шалдықпау үшін себептермен кешенді және жүйелі түрде күресіңіз.
Мұрынмен тыныс алудың қиындауы әрдайым ЖРВИ-мен байланысты болмайды. Жедел ринит әдетте мұрын жолдарынан шырыштың көп бөлінуімен көрінеді, ол уақыт өте келе мұрынның тыныс алуының бұзылуына әкеледі, мұрын қосалқы қуыстарының зақымдалуына байланысты локализацияланған ауырсыну: көз астында (гайморит); қабақ үстінде (фронтит); желке аймағында (сфеноидит); кеңсірік аймағында (этмоидит), бөліндінің ағу сипатының өзгеруімен және вирустық аурудың белгілерімен бірге жүреді: әлсіздік.
Мұрынмен тыныс алудың қиындауы келесі жағдайларға байланысты болуы мүмкін:
Мұрын бітелуімен және шырыштың ағуымен бірге жүретін қарапайым суық тию - бұл күйді ЛОР дәрігерлері Жедел Вирустық Риносинусит деп анықтайды. Бұл ауру кезінде симптомдардың ұзақтығы 10 күнге дейін. Яғни, егер сізде келесі 2 симптом: мұрын бітелуі, мұрыннан шырыштың ағуы, болса, онда бұл Жедел Вирустық Риносинусит. Өйткені мұрын қуысы мен мұрын қосалқы қуыстарының шырышты қабығы бір жүйе, бір мүшені құрайды. Ал егер қабыну шырышты қабаттың бір аймағында басталса, онда басқа аймақтар да қабыну процесіне қатысады. Әрине, қабынудың ауырлығы әр аймақта әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан суық тиюге байыпты қарау керек1.
Кейде мұрынның бітелуі және мұрынның ағуы 10 күннен астам уақытқа созылуы мүмкін. Егер суық тиюдің/Жедел Вирустық Риносинуситтің белгілері нашарламай 10 күннен астам уақытқа созылса, ЛОР дәрігерлері бұл жағдайды Жедел Поствирустық Риносинусит деп анықтайды - қарапайым сөзбен айтқанда, біз оны ұзаққа созылған тұмау деп айтамыз. Егер симптомдар 5 күннен кейін нашарласа, бактериялық риносинуситке айналу ықтималдығын анықтау керек1.
Мұрын және мұрынның қосалқы қуыстарының шырышты қабығы бетінде үнемі қозғалыста болатын көптеген кірпікшелерге ие. Бұл қозғалыстың арқасында мұрын қуысы мен қуыстарр үнемі шырыш пен шаң бөлшектерінен, микроағзалардан және мұрынға ауамен енетін басқа заттардан тазартылады. Кез-келген ринит/риносинусит кезінде мұрын қуысының шырышты қабығы мен мұрын маңындағы қуыстар зақымдалады. Кірпікшелердің қозғалысы баяулайды немесе толығымен тоқтайды. Бұл шырышты, сондай-ақ оның құрамындағы вирустардың іркілуіне әкеледі. Бұл шырышты қабаттың бетінде вирустардың көбеюін және вирустардың шырышты қабаттың ішіне одан әрі енуін жеңілдетеді.
Сонымен қатар мұрынның шырышты қабығының және мұрын маңы қуыстарының ісінуі дамиды, бұл қуыстардағы обструкциясына, олардың тазарып тұруына және желдетудің бұзылуына әкеледі. Нәтижесінде патогенді микроағзалар мұрын қуысының және қосалқы қуыстарының шырышты қабаттарында және ішінде көбейеді. Бұл шырышты қабықтың зақымдануын күшейтеді5.
Ринит пен риносинуситтің негізгі және жиі кездесетін симптомы мұрынның бітелуі болып табылады.
Мұрынның бітелуі үшін тамыр тарылтқыш тамшылар жиі қолданылады, олар ісінуді жеңілдетеді және қысқа уақыт ішінде мұрынның тыныс алуын жеңілдетеді. Бірақ мәселе келесіде, бұл препараттарды бір курста 5 күннен артық қолдануға болмайды. Егер бұл тамшыларды қолданғаннан кейін де 5 күн бойы симптом сақталса, онда бұл дәрі-дәрмектерді одан әрі ұзақ қолдану, тәуелділік және дәрілік ринит, тамшыларға тәуелділік секілді жағдайға әкеледі. Мұрынға арналған тамыр тарылтқыш препараттың әсері ұзақ уақыт қолданғанда және артық дозаланғанда төмендеуі мүмкін. Бұл препараттарды теріс пайдалану нәтижесінде келесі жағымсыз әсерлерлер дамуы мүмкін: мұрын шырышты қабығының реактивті гиперемиясы, мұрын шырышты қабығының созылмалы ісінуі және мұрын шырышты қабығының атрофиясы, мұрын шырышты қабатының және ондағы кірпікшелердің қайтымсыз зақымдануы6,7.
Мұрынның бітелуімен және мұрынның ағуымен бірге жүретін ауруды емдеу үшін дәрігермен кеңесу керек.
Риносинуситтер бойынша Еуропалық Нұсқаулықта суық тию кезінде мұрын тамыр тарылтатын тамшыларды 3-5 күн бойы, ирригациялық терапия және жүйелік өсімдік тектес дәрілік Синупрет® препараты ұсынылады. Ұзаққа созылған тұмау үшін мұрын кортикостероидтары, ирригациялық терапия және Синупрет® жүйелі өсімдік тектес препараты ұсынылады.
Жоғарыда аталған препараттарды таңдаған кезде терапияның негізгі мақсаты - мұрынның және қосалқы қуыстарының шырышты қабығының ісінуін азайту, мұрын қуысын тазарту. Шырышты қабықтың кірпікшелерінің жұмысын қалпына келтіру, мұрынның және қосалқы қуыстарыныңың шырышты қабығының ісінуін азайту және қосалқы қуыстарының сағасының ашықтығын қалпына келтіру, қуыстарды тазарту Синупрет® өсімдік тектес жүйелі препаратты қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Мұрынды тұзды ерітінділермен шаюмен, ауаның тазалығы мен ылғалдылығын сақтаумен қатар, Синупрет® жүйелі өсімдік тектес препаратымен емдеу курсы созылмалы риниттен арылуға көмектеседі, осылайша мұрныңызбен қайтадан еркін тыныс ала аласыз4,6.
Әдебиеттер тізімі
1 Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігінің 2017 жылғы «Жедел және созылмалы синусит (ересектер мен балаларда)» Клиникалық Хаттамасы.
2 Оториноларингология: оқу құралы / А.А.Горохов, Ю К.Янов, В.В.Дворянчиков, В.Г.Миронов; өңдеген Горохова А.А. — Санкт-Петербург: SpetsLit, 2017 ж.
3 Жедел респираторлық вирустық инфекциялар: оқу құралы. нұсқаулық / М.А.Андрейчин, В.П.Малы, Л.Я.Ковальчук [т.б.]; өңдеген М.А.Андрейчина, В.П.Малы - Тернополь: ТДМУ, 2011. – 304 б.
4 European Position Paper on Rhinosinusitis and Nasal Polyps 2020
5 Ю.В.Митин, Л.Р. Криничко, О.А. Островская. Суық тиюдің заманауи фармакотерапиясы және олардың жиі кездесетін асқынулары. Украина Денсаулығы, No 8 (141), 2006 ж
6 Мельцер Й. және басқалары. Синуситті емдеудегі BNO-101 (Синупрет) препаратының клиникалық зерттеулерінен алынған деректерді жүйелі шолу. Forsch Komplementärmed 2006; 13:78–87 DOI: 10.1159/000091969.
7 Називин тамшылары Дәрілік препаратының медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығы (Қосымша парақ)